Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Семинар тақырыбы: «Құрылыс саласындағы заңнамаларды қолдану тәжірибесі: Құрылыс жобаларын мемлекеттік сараптамадан өткізу ережелері сараптамалық тәртіпте жүргізіледі»

2012-11-08

2012 жылдың 08 қарашасында «Мемсараптама» РМК-ң Алматы облысы бойынша филиалы сараптамалық қызметтің және жобалау сметалық құжатты өңдеу процесін ары қарай дамыту аясында «Құрылыс саласындағы заңнамаларды қолдану тәжірибесі: Сараптамалық тәртіпте құрылыс жобаларын мемлекеттік сараптамадан өткізу ережелері» тақырыбындағы семинар өткізді. Семинарға қатысушылар: «Алматы облысы бойынша лицензиялау және сәулет құрылыс бақылау департаменті» ММ өкілдері, «Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ өкілдері, жобалау ұйымдарының өкілдері. Семинарды «Мемсараптама» РМК-ң Алматы облысы бойынша филиалының бастығы Шымбаев Н.Н. ашты. Өзінің сөз сөйлеуінде жобалау құрылыс кешенінің барлық қатысушыларына үйлестіруші өзара әрекеттестіктің қажеттілігін атап өтті, 2012 жылдың 23 шілде айындағы № 356 «Сараптамалық тәртіпте тіркелген құрылыс жобаларын мемлекеттік сараптамадан өткізу ережелерінің бекітілгендігі туралы» ҚІА және ҚР ТҮКШ бұйрықтарын жүзеге асыру әлеміндегі өзекті мәселелерді белгіледі. «Мемсараптама» РМК-ң Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Молдыбаева Ж.Ж. басшылық көзқараспен өз баяндамасында сараптаманың өз қызметін жүзеге асырғандағы кездесетін бірнеше мәселелермен бөлісті. «Мемсараптама» РМК-ң Алматы облысы бойынша филиалы жобаларды сараптау тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының құқықтық және нормативтік құжаттарының орындалуы мен ұсынылған жобалардың сапасына аса көңіл бөледі. «Нысандар мен кешендер құрылысына жобалау-сметалық құжаттарды кезекпен дайындау сұрақтары» тақырыбындағы баяндамасымен «Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ өндірістік бөлімінің бастығы Сұлтанбеков Н.Б. сөз сөйледі. «Мемсараптама» РМК-ң Алматы облысы бойынша филиалының өндірістік бөлімінің бастығы Евтушевская Т.Н. сараптамалық жұмыс жасау тәртібіндегі сараптаманың мерзімі мен тәртібі, және ережелеріне назар аударып, дөңгелек үстелдің қатысушылары үшін жағымды жаңалықты ұсынды. Сараптамалық жұмыс жасау тәртібіндегі құрылыс жобаларының мемлекеттік сараптамасының құқықтық сұрақтарын «Мемсараптама» РМК-ң Алматы облысы бойынша филиалының бас маманы-заңгер Ярмухамедова С.Б. баяндады. Мемлекеттік сәулет құрылысы бақылау мен қадағалау жүйесі және оның жобалау-құрылыс кешендерінің басқа да қатысушыларымен өзара қарым қатынасы жайлы «Алматы облысы бойынша МСҚБ және Л Департаменті» директорының орынбасары Айтқұлов К.О. хабарлады. «Арлан-жоба курылысы» ЖШС жобалау ұйымының жетекшісі, директоры Ан В.Д. 2012 жылдың 23 шілдесіндегі № 356 ҚІА және ҚР ТҮКШ Бұйрығына сәйкес жобалау ұйымның көзқарастары туралы айтты. Қызметті жетілдіру шеңберінде «Мемсараптама» РМК-ң Алматы облысы бойынша филиалы жобалау-құрылыс кешенінің қатысушыларымен өзара қарым-қатынас процесін жақсарту, ортақ қызметті үйлестіру, маңызды сұрақтарды талқылау және болашақтағы міндеттерді анықтау, жобалаушыларға ақпаратты-әдістемелік көмек көрсету мақсаттарын қойып отыр. Жобалардың мемлекеттік сараптама субъектілерінің өзара қарым –қатынасын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар өңдеуші-жобалаушылар мен сарапшылардың біліктілік деңгейі мен жауапкершілігін арттыратын іс-шараның пайдасы туралы семинар қатысушыларының пікірлері куәландырып отыр. Бір жағынан тапсырушылар мен жобалаушылар арасында және аумақтық сараптамалық мекемелер арасында осындай кездесулердің қажеттілігі жайлы семинар қатысушыларына жарияланды.