Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ МҰРАҒАТТАНУ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ КӨТЕРУ КУРСТАРЫ

2012-11-27
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ МҰРАҒАТТАНУ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ КӨТЕРУ КУРСТАРЫ
19-23 қараша күндері Семей қаласындағы жаңа заман тарихын құжаттандыру орталығының ұйымдастыруымен іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану бойынша қаладағы мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен біліктілікті көтеру курсы өтті. Аталмыш семинарға «Мемсараптама» РМК Семей қаласындағы филиалының қызметкерлері – сараптамалық құжат айналым секторының жетекшісі М.Т. Олжабаева және өндірістік бөлімнің бас маманы Е. Ю. Ростова қатысты. Семинар барысында мекемелерде іс қағаздарын жүргізу, мұрағат ісін жүргізу, құжаттармен жұмыс істеу технологиясы, мұрағатпен жұмыс және тағы басқа мәселелер қаралды. Семинарға қатысушыларға әдістемелік материалдар ұсынылды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді.