Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қанатты Тұлпар!

2012-10-01
Қанатты Тұлпар!
Қанатты Тұлпар!
Қанатты Тұлпар!
«Мемсараптама» РМК жүйесіндегі мемлекеттік тілді дамыту іс-шаралары шеңберінде, а.ж. 20-21 қыркүйек күндері Өскемен қаласында «Мемсараптама» РМК және оның аумақтық бөлімшелерінің, соның ішінде 4 адам құрамындағы «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлері қатысқан Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Қанатты Тұлпар» фестивалі өтті. Байқау тапсырмасына сәйкес, ұжымымызға түркмен халқының ұлттық киімін, тағамын, тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпын көрсетуге ұсыныс жасалған болатын. Фестивалге дайындалу барысында «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалымен нақты дайындық жұмысы атқарылған: түркмен ұлттық киімдеріне тапсырыс берілген, филиал және Ақтөбе облысы жайында таныстыру ролигі түсірілген, реквизит пен концерттік бағдарлама дайындалып, фестивалге арналып шығарылған өлең жазылған болатын. Байқау шарттарына сәйкес, командамыз 1-ші турда бейне-ролик көрсетіп, 2-ші турда команда мүшесі Шапатин Ербол қазақ тілінде өлең айтып, ал 3-ші турда түркмен халқы туралы көрініс ұсынылған. Ақтөбе қаласына қайтарда, командамыздың мүшелері дәстүрге айналған «Мемсараптама» РМК-ның мемлекеттік тілді дамыту бойынша фестивалінің жылда қызықты да көрікті болып жатқандығын атап кетті. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы фестивалді жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізген «Мемсараптама» РМК-на және «Мемсараптама» РМК Шығыс-Қазақстан облысы бойынша филиалына алғысын білдіреді. Сонымен қатар, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметтеріне және фестивалге дайындалуға көмек көрсетуі үшін Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасына және Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрына алғысын білдіреді.