Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

АҚМЖ менеджерлері мен ішкі аудиттерін дайындау бойынша семинар

2012-10-24
АҚМЖ менеджерлері мен ішкі аудиттерін дайындау бойынша семинар
«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының мамандары біліктілігін жоғарылату бойынша бекітілген бағдарламаға сай «Интерсерт Консалтинг Центр Азия» ЖШС ұйымдастыруымен Астана қаласында, ағымдағы жылғы қазанның 17-нен 19-ы аралығында өткізілген «Ақпараттық қауіпсіздік менеджментінің менеджерлері мен ішкі аудиттерін дайындау (ISO 27001:2005)» тақырыбындағы семинарына қатысты. Семинар барысында ақпараттық қауіпсіздік менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру, басқару құралдарын құру, ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудиттерін ұйымдастыру және өткізу, түзету және алдын алу әрекеттерін жоспарлау және жүзеге асыру мәселелері қаралды. Семинарда алынған ақпарат «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында ақпараттық қауіпсіздік менеджмент жүйесін ИСО/МЭК 27001:2005 енгізуге қатысты жұмыстар процессінде тәжірибелі түрде қолданылатын болады.