Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Семинар – кеңес

2012-11-20
Семинар – кеңес
2012 жылғы қарашаның 15-де «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен «Сараптамалық сүйемелдеу режиміндегі құрылыс жобаларын мемлекеттік сараптамадан өткізу және жобалаудың сапасы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңесте «Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулеттік-құрылыстық бақылау басқармасы» ММ, Алматы қаласының құрылыс басқармасы, Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жол басқармасы, сонымен қатар «KAZGOR» АҚ, «ПИ Алматыгипрогор-1» ЖШС, «ҚазҒЗСТҚСИ» РМК және басқа да жобалау ұйымдарының өкілдері қатысты. Семинар-кеңесті «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының директоры баяндамамен ашты. Семинар-кеңес барысында келесі мәселелер кешені талқыланды: «Нысандар мен кешендердің құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу», «Сәулеттік бақылау мен қадағалау жүйесі және оның жобалау-құрылыстық кешен қатысушыларымен өзара әрекеттесуі», «Құрылыс нысандарын жобалау сапасы».