2012 жылдың 23-нен 30 қазаны аралығында «Мемсараптама» РМК-ның мамандарының кен байыту комбинаттарында қолданылатын мыс пен молибден дайындау технологиясымен танысу мақсатында «Аусенко» компаниясының (Австралия) шақыртуы бойынша қазақстандық делегацияның құрамында жұмыс сапары болды.
«Ауусенко» компаниясы тау-металлургиялық өнеркәсіп объектілерін жобалау және салу саласында әлемдік саруарлардың бірі және халықаралық стандарттарға сай өнім аулды қамтамасыз етеді. Мыс пен молибден концентраттарын дайындау технологиясын оқып үйрену қажеттілігі Павлодар облысындағы «Бозшакөл» тау кен байыту комбинатын салу бойынша жобаға сараптама жасауға байланысты туындады.
Жұмыс сапары барысында жобаның тұсаукесері өтті, сондай-ақ делегация Калгорие қаласындағы жұмыс істеп тұрған комбинатта болды.