Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР

2012-10-30
«Мемсараптама» РМК Семей қаласындағы филиалы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бойынша 2012 жылға арналған жоспарға сәйкес, филиалдың бас маман-заңгері Байғонысова Қарлығаш Төлеубекқызы 22-23 қазан күндері Алматы қаласында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларға 2012 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында өткен семинарға қатысты. Аталмыш семинарды «Халықаралық қаржы-экономикалық даму орталығы - Қазақстан» ЖШС білім бағдарламаларын дамыту және жүзеге асыру бөлімі ұйымдастырды. Семинарда қаралған басты тақырыптар: мемлекеттік сатып алу туралы жалпы мәлімет, мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен өткізу, мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасау. Сонымен қатар, баға ұсынысын жіберу арқылы жеткізушіні анықтау, бір көзден тәсілімен, аукцион және тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізу әдісі тақырыптары қарастырылды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.