«Мемсараптама» РМК ұйымдастыру жұмыстарының 2012 ж. арналған жоспарына сәйкес «Мемсараптама» РМК Семей қаласындағы филиалының ИМЖ бойынша жауапты қызметкері 17-19 қазан аралығында Астана қаласында өткен Ақпараттық қауіпсіздік менеджмент жүйесі бойынша менеджерлер мен ішкі аудиторлар дайындау семинарына қатысты. Кеңес беру семинарын «Интерсерт Консалтинг Центр азия» ЖШС өткізді.
Аталмыш семинардың мақсаты ISO/IEC 27001:2005 АҚМЖ енгізу талаптарымен және ішкі аудит өткізу тәртібімен таныстыру.
Семинар барысында кеңес беруші Мырзалиев Е. семинарға қатысушыларды ISO/IEC 27001:2005 стандартымен, негізгі концепцияларымен, ақпараттық активтерді басқару мақсатымен таныстырды.