Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Кәсіпорынның 2012 жылғы І жарты жылдықтағы негізгі өндірістік көрсеткіштері

2012-07-27
Өзінің қызметінде «Көкшетаумемсараптама» ЕМК ҚР заңдары мен Конституциясын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, құрылыс істері жөніндегі Комитеттің бұйрықтарын және қаулыларын, «Мемсараптама» РМК бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады. «Көкшетаумемсараптама» ЕМК 2012 жылғы І жарты жылдық ішінде жалпы құны 37,346 млрд.теңгеге 227 жобалау-сметалық құжаттама зерттелді, соның 13 жобасында (мемлекеттік емес көздерден қаржыландырылған) сметалық құжаттама болған жоқ (тапсырысшылардың шешімі бойынша). Зерттеу қорытындысы бойынша жалпы құны 35,239 млрд.теңге 226 бірлік жобалау-сметалық құжаттама бекітуге ұсынылды және 1 бірлік бекітуге ұсынылмады. Құжаттаманың жалпы көлемін (227 бірлік) 89,9% мемлекеттік инвестиция және 10,1% мемлекеттік емес күрделі салымдар құрады. Бекітуге ұсынылған құжаттама бойынша құрылыстың құны (ағымдағы бағалар деңгейінде) 3,493 млрд.теңгеге төмендеді. Ресурстар шығыны қысқартылды: металл жалдау 0,01436 мың тоннаға, цемент 0,00998 мың тоннаға, ағаш материалдары 0,00092 мың м³, еңбек шығыны - 97,93955 мың а/күнге. Жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау барысында сарапшылар конструкциялардың сенімділігін және объектінің жарылғыш өрт қауіпсіздігі мен жұмыс тұрақтылығын арттыратын шешімдер, жобалау-сметалық құжаттамасын құрастыруды ҚР қолданыстағы ережелеріне сәйкестендіруін қамтамасыз етуін ұсынды, нәтижесінде сметалық құны 1,419 млрд.теңгеге ұлғайды. ЖСҚ-да қазақстандық мазмұнды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы №17-56/005-1689, 05-12 мәжілісінің Хаттамалық шешімнің 5 тармағын, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің тапсырмасын және қазақстандық мазмұнға қатысты «Мемсараптама» РМК Бас директорының 2010 жылғы 11 ақпандағы 01-БЕ-04/0509 хатын орындау барысында «Көкшетаумемсараптама» ЕМК 2012 жылғы І жарты жылдықта қараған жобаларда негізінен қазақстандық өндірушілердің материалдары, жабдықтары мен бұйымдары қолданды. Отандық өнімдер болмаған жағдайда ғана шетелдік материалдар қолданылды. 2012 жылдың І жарты жылдығында «Көкшетаумемсараптама» ЕМК құны 100млн.теңгеден жоғары 56 жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтті, барлық жобалар мемлекеттік инвестициялар арқылы қаржыландырылған. Жалпы сметалық құны 33593,078 млн.теңгені құрайды, қазақстандық өнім өндірушілер ресурсының құны - 31516,612 млн.теңге, қазақстандық мазмұн үлесі - 93,8%.