Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері бойынша агенттік коллегиясы отырысы туралы

2011-11-25
Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері бойынша агенттік коллегиясы отырысы туралы
2011 жылдың 24 қараша күні Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері бойынша агенттік коллегиясының кеңейтілген отырысы болып өтті. Жиынға мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау және лицензиялау бойынша агенттіктің бөлімшелерінің өкілдері, «Мемсараптама» РМК мен оның аймақтық бөлімшелерінің бастықтары, «Қазақ су арнасын жобалау» АҚ, «Қазақстандық ТКШ модернизациялау және дамыту Орталығы» АҚ, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» АҚ, «КИК ипотекалық ұйым» өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері бойынша агенттігінің 2011 жылдың 9 айында атқарған қызметі, бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаралар жөнінде агенттік төрағасы Н. Тихонюк баяндама жасады. Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау, лицензиялау, қадағалау, аттестаттау департаментінің директоры Г. Абдраимов агенттіктің және аумақтық бөлімшелерінің алдағы жоспарларымен бөлісті. Үстіміздегі жылдың он айы бойынша жобаларды мемлекеттік сараптау жұмыстарының қорытындысы және алдағы жоспарлар жайында «Мемсараптама» РМК бас директоры Б. Ережепов баяндады. Күннің екінші жартысында «Мемсараптама» РМК –да сәулет басқармасы, жобалау жұмыстары және сметалық норма агенттігінің және барлық аумақтық бөлімшелер, Астана Алматы бөлімшелері бастықтарының қатысуымен республикалық семинар өтті. Семинарда жобалардың сапасын көтеру, жобалаудағы баға қалыптасуы жүйесін реформалау сұрақтары талқыланды.