Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша оқу-семинарына қатысу

2011-08-10
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша оқу-семинарына қатысу
2011 жылға арналған «Мемсараптама» РМК және оның аумақтық бөлімшелері қызметінде біріккен менеджиент жүйесін жетілдіруге арналған іс-шаралар Жоспарына сәйкес, Астана қаласында ағымдағы жылдың тамыз айының 8-нен бастап 9-шы жұлдызына дейін «ISO/IEC 27001:2005 ақпараттық қауіпсіздік менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу» тақырыбында республикалық оқу-семинарына қатысқан болатынбыз. Оқу-семинары «Интерсерт Консалтинг Центр Азия» ЖШС-ң мамандары жүргізді, ал тыңдаушылар – «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелері бойынша мамандары болған. Оқу-семинарының негізгі мақсаты - ISO/IEC27001:2005 сәйкес ақпараттық қауіпсіздік менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу міндеттері мен тәртібімен «Мемсараптама» РМК мамандарын таныстыру.