Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«АККЕ» конструкциялар мониторингі жүйесіне арналған семинар

2012-04-25
«АККЕ» конструкциялар мониторингі жүйесіне арналған семинар
2012 жылғы 23 сәуірінде Астана қаласында «АККЕ» мониторингі жүйесі бойынша семинар өтті. Семинарда бас директордың бірінші орынбасары Жұмадилдин Қанат Қанашұлы басшылығымен «Мемсараптама» РМК уәкілдері, сонымен қатар еншілес мекемелер мен филиалдар уәкілдері қатысқан. Семинардың бірінші бөлімі «АККЕ» мониторингінің автоматтандырылған жүйесі сипатымен танысуына арналған. Бұл жүйе бағдарламалық-техникалық құралдары негізінде құралып, әлеуетті-қауіпті нысандардағы құрылыс конструкциялары мен бүкіл ғимараттың күйіне, оларға салмақ тию әсерімен, мониторинг жүргізуге, және олардың жай-күйі жөніндегі ақпаратты тұрақсыздандырылған факторлардың салдарын алдын алу және жою үшін кезекші-диспетчерлік қызметтегі байланыс жолдары бойынша ақпаратты жіберуге арналған. Семинардың екінші бөлімі «АККЕ» мониторингі жүйесімен жабдықталған Астана қаласының нысандарына баруға арналған. Мониторинг жүйесінің өзектілігі жобалау мен биік және аралықтан ұзын ғимараттардың құрылысының, сонымен қатар қауіпсіздігінің қамсыздандырылуы және жағдайы бақылауда болуы бірінші орында тұрған бірегей имараттардың артуымен көбеюде. Бұл мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасында ғимараттар мен имараттардың тұрақты мониторингі саласында жаңа технологияларды қолдана бастады. «Ғимараттар имараттар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі» ҚР ҚНжЕ 3.02-05-2010 қолданысқа енді. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларына куәліктер берілді.