Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ФИЛИАЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ҚАНАТТЫ ТҰЛПАР» ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

2012-09-25
ФИЛИАЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ҚАНАТТЫ ТҰЛПАР» ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ
21 қыркүйек күні Өскемен қаласында «Мемсараптама» РМК барлық өңірдегі өкілдерінің қатысуыман, Қазақстан Республикасындағы тілдер күніне арналған «Қанатты тұлпар» фестивалі өтті. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес бұл жолғы фестивальды өткен жылы жеңімпаз атанған «Шығысмемсараптама» ЕМК ұйымдастырды. Аталмыш фестивальға «Мемсараптама» РМК Семей филиалының командасы да қатысып, өз өнерлерін ортаға салып қайтты. Қазақстан Республикасындағы тілдер күніне арналған дәстүрлі фестивальға «Мемсараптама» РМК барлық өңірдегі филиалдар мен ЕМК өкілдері ерекше дайындықпен келіпті. Байқаудың шарты бойынша командалар 3 тур бойынша бақ сынады. Атап айтсақ, бірінші бөлімде филиал өкілдері өз ұжымдарын видеоролик арқылы таныстырса, екінші бөлімде өзге ұлт өкілдері қазақтың халық әндерін орындап, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады. Ал үшінші бөлімде команда мүшелері көп ұлтты қазақ халқының татулығы мен бірлігін насихаттау мақсатында елімізді мекен етіп жатқан ұлттардың салт-дәстүрін сахналық қойылымдар көрсету арқылы бейнеледі. «Мемсараптама» РМК Семей филиалы сәулет-жоспарлау секторының бас маманы Матушкина Татьяна Юрьевна «Саржайлау» әнін нақышына келтіре орындап, көрермен қошеметіне ие болды. Сондай-ақ, үшінші бөлімде команда мүшелері - бас маман–заңгер Байғонысова Қарлығаш, сараптамалық құжат айналым секторының бастығы Олжабаева Мақпал, сметалық-экономикалық сектордың бас маманы Қожақұлов Бимұхамбет, сәулет-жоспарлау секторының бас маманы Матушкина Татьяна Юрьевна қазақ дәстүрлерінің бірі «Тұсаукесер» рәсімін сахналады. Байқау қорытындысы бойынша әділқазылардың шешімімен «Мемсараптама» РМК Талдықорған қаласындағы филиалы жеңімпаз деп танылды. Яғни, келесі жылы дәстүрлі фестиваль Талдықорған қаласында өтпек. «Қанатты тұлпар» байқауының жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!