Қызметкерлердің жан-жақты хабардарлығын арттыру мақсатында біліктілік талаптарына сәйкес, филиал мемлекеттік сараптама жүйесі мамандарының білімін жетілдіруге әрдайым көңіл бөліп отырады:
2012 ж. 25-29 қаңтар аралығында бас есепші «Мемлекеттік мекеменің даму Жоспарын дайындау» тақырыбындағы республикалық семинарға қатысты.
2012 ж. 18-21 наурыз аралығында ЕСЭДО бойынша маман электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесі бойынша республикалық семинарға қатысты.
2012 ж. 02-05 мамыр аралығында филиал қызметкерлері «Мемсараптама» РМК аумақты бөлімшелерінің сметалық құжаттама бойынша маман-сарапшылармен бірге республикалық семинара қатысты.
2012 ж. 30-31 мамыр аралығында филиал қызметкерлері құжатайналым және мұрағат ісін жүргізу бойынша мамандармен бірге республикалық семинарға қатысты.