Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы облысы кәсіпорындарының алғашқы жетекшілеріне

2012-03-29
Алматы облысы кәсіпорындарының алғашқы жетекшілеріне

2020 жылға дейін Қазақстан Республикасын дамыту Стратегиялық жоспарын және 2010-2014 жылдарға Қазақстан Республикасын дамыту индустриялық-инновациялық күшейтілген Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында құрылыс саласын дамытуда негізгі басымдылықты жүзеге асыру шеңберінде жаңа сметалық-нормативті базасын дайындау қажеттілігі анықталды.
Осыған орай жаңа сметалық-нормативті базасын жылдам дайындап және жаңа сметалық-нормативті базаны енгізіп, құрылыста ағымдағы бағаға өту үшін Сізден Алматы облысындағы нарықта өндіріліп, жүзеге асырылатын Сіздің өніміңізге Сіздің баға ұсыныстарыңыз бен құрылған бағаны ұсыну жолымен осы салада баға қалыптасу жүйесін жетілдіруге қатысуыңызды сұраймыз.
Алынған мәліметтер бақылау нәтижесі бойынша электрондық мәлімет базасын әрдайым жаңарту, енгізу және құру қарастырылды, сонымен қатар құрылыста қолданылатын құрылым, бұйымдарға және де басқа да ресурстарға ағымдық бағалар жинағын әр мерзім сайын шығару өндірістік ресурстардың бағасын жан-жақты талдау мақсатында қолданылады.
Прайс-парақтарын Сізге ыңғайлы нұсқада 8 (7282) 41-03-11 факсы мен sergienkoolya@mail.ru электронды поштасы бойынша жіберуіңізді сұраймыз. Ақпаратты жіберу кезінде өзіңіздің реквизиттеріңізді (ұйымның аты, пошталық және электрондық мекен –жай, телефон және факс нөмірлері) көрсетуді ұмытпаңыз. Ынтымақтастығыңызға алдын ала алғыс айтамыз.