Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сарапшылардың біліктілігін арттыру

2012-05-05
Сарапшылардың біліктілігін арттыру

2012 жылдың 3-4 мамыр аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының жобалау ұйымдарының инженерлеріне және «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің мамандарына және де өндірістік бөлімінің сметалық секторының бас маманы Шульгина Л.А. қатысқан «Қазақстан Республикасында құрылыстық өнімге бағаның қалыптасуын реформалау» тақырыбында екі күндік семинар өткізілді.
Семинардың негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасындағы құрылыс өнімдеріне баға қалыптасу мәселесі және де ЖСҚ жасауда оларды қолдану маңыздылығы, Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша, ұқсас дайын жобалар бойынша салалық баға жинағын қолдану - материалдарға бағаны анықтау кезінде қажеттілігі және мақсатқа лайықтылығы болды.
2011 жылғы жобалық ұйымдардың жіберген қателерін бақылау бойынша «Мемсараптама» РМК осы кемшіліктің болу негізі – ол ЖСҚ сапасыз дайындалған тапсырмалар екенін айқындады. Осыған орай жобалау ұйымдарына жоспарланған нысанның мінездемесімен қатар жобалауға тапсырманы толық және мұқият құра отырып тапрысышыға көмек көрсетуге аса назар аудару керек екені туралы кеңес берді.
Сонымен қатар семинарда энерготиімділік бағдарламасы бойынша және жобалау ұйымдарына тапсырысшыға энерготиімділік технологиясын қолдануда энергияға бағаның аса көп қымбаттамағанымен, алдағы уақытта нысанды пайдалану кезінде төмен баға беретіні туралы негіздемелерді көрсете отырып, осы процеске аса назар аудару қажеттілігі туралы мәселелері қаралды.
Семинар соңында қатысушылар Қазақстан Республикасының құрылыс өнеркәсіп мамандарының кәсіби деңгейін арттыратын осындай шараларды өткізгендері үшін ұйымдастырушыларға өз алғыстыран айтты.