Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру

2012-06-01
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру

2012 жылға «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес Астана қаласында 2012 жылы мамырдың 30 мен 31 аралығында «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің мұрағат ісін жүргізу және құжат айналымы бойынша мамандарымен өткізілген республикалық семинарға, «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК жетекші мамандары Қадырсейітова Н. және Бейсембаева Г. қатысты.
Семинарда кіріспе сөзбен «Мемсараптама» РМК бас директоры Ережепов Б.Б. сөз сөйледі.
Мемлекеттік кәсіпорын қызметінде мұрағат ісінің және құжаттамалық қызметтің маңызды рөл атқаратыны туралы «Мемсараптама» РМК жалпы бөлім бастығы Сексенбиева Б.Б. хабарлады.
Мұрағат бойынша құжаттаманы жүргізу ақпаратымен «Мемсараптама» РМК жетекші маманы Пшембаева З.Т. сөз сөйледі.
Семинарда келесі мәселелер талқыланды:
1) Іс жүргізуді және ресми хатты мемлекеттік тілде жүргізу;
2) Кәсіпорнында мұрағат ісін жүргізу.
Семинарды өткізу үшін Қазақстан Республикасы Президенті қарамағындағы мемлекеттік басқарма Академиясының мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық ғылым кандидаты, профессор Түленбергенова Н.Т. және Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының сарапшысы Балташев Ж.А. шақырылды.
Семинар қатысушылары мемлекеттік тілде іс жүргізудің негізгі ұстанымдарын жүргізуді және ұйым қызметінде оларды қолдануды меңгерді, кәсіпорнында мұрағат ісін жүргізудің өзгеше ерекшеліктерін үйренді, сонымен қатар ресми хаттарды өңдеу бойынша қажетті дағдыларды меңгеріп алды.
Сондай-ақ семинарда мұрағат ісінде және сараптамалық құжат айналымы барысында туындайтын, келелі мәселелі сұрақтар талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар осы заманғы қазақ әдебиетінің негізін салушы С. Сейфуллин мұражайына барды.