Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы облысының жобалау ұйымдары үшін техникалық семинар-жиналыс

2012-06-25
Алматы облысының жобалау ұйымдары үшін техникалық семинар-жиналыс

Алматы облысы Әкімінің бірінші орынбасары А.Ғ. Баталовтың тапсырмасына байланысты, жобалау сметалық құжаттаманы өңдеу барысын ары қарай әбден толық жетілдіру аясында 2012 жылы 22 маусымда «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК Алматы облысының жобалау ұйымдары үшін техникалық семинар-жиналыс өтті.
Семинар-жиналысты «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК директорының орынбасары Ж.Ж. Молдыбаева ашты. Өзінің сөз сөйлеуінде жобалау-құрылыс кешенінің барлық қатысушыларына өзара үйлесімді әрекеттестіктің қажеттілігін атап айтты.
«Алматы облысының қалақұрылыс және құрылыс басқармасы» ММ бастығының орынбасары Н.А. Төлтай «Алматы облысы аумағындағы нысандардың, құрылысындағы және жобалауындағы кемшіліктер мен келелі мәселелер туралы» тақырыптағы баяндамасымен шығып сөйледі.
«Талдықорғанмемсараптама» ЕМК-ң өндірістік бөліміндегі сәулет-жоспарлану және құрылымдық секторының жетекшісі Ерифиренко Г.Л. жобада сәулет-құрылыс бөлімінде жиі қайталанатын қателіктер туралы баяндады.
Сондай-ақ ТД "РУБЕЖ" өнімін алғаш ұсынғандар (түтінді хабарлағыштар, қуат көзінің қайнар көзі, өрт дабылқаққыштың атаулы жүйелері және өрт сөндіру автоматикалары, бейнебақылау жүйелері; өрт дабылқаққыш жүйелері, хабарландыру және өрт сөндіру) Қазақстан республикасындағы ТД «РУБЕЖ» өкілдігінің директоры Бисенғалиев Р.С., өкілдіктің жобалау бөлімінің жетекшісі Романов Б.А. сөйледі.
Орталық Азия аумағындағы «Armstrong Europa GmbH» компаниясының өңірлік өкілі –Сетрлигов С.Н., «Armstrong» компаниясының төбелік өнімі туралы ақпаратымен сөйледі.
СНГ елдеріндегі «Armstrong DLW GmbH» компаниясының өңірлік өкілі – Негребетский В.Б., «Armstrong» компаниясының едендік өнімі туралы ақпаратымен сөйледі.
Техникалық семинар-жиналыс қорытындысы бойынша, облыста сәулет-қалақұрылыс және құрылыс жағдайларын жақсарту мақсатында, сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттама сапасын және өңдеу барысын әбден толық жетілдіру үшін, келесі шешімдер қабылданды:
1. Бюджеттік бағдарлама администраторларына (тапсырыс берушілерге):
- жобалау тапсырмасын құрастыруда немқұрайлы қарауға жол бермеу және міндетті түрде жобалау сметалық құжаттаманың келісілу процедурасын өткізіп, сызбалар осы келісімнің белгісімен бірге сараптамаға әкеліну керек.(немесе ЖСҚ әрбір бөлімінде).
- Жобаны өңдеу және келісім кезінде ғимараттар мен имараттардың сәулет шешімдеріне және қасбетіне ерекше көңіл бөлу керек.
- Объектілердің құрылысы аяқталғаннан кейін істелген топографиялық түсірілімдердің өткізіліп және орындалуына ерекше көңіл бөліп, талап ету қажетті.
2. Жобалау ұйымдарына:
- Міндетті түрде жобалау сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға өткізер алдында тапсырыс берушімен келісу (Бюджеттік бағдарлама администраторларымен), осы талап орындалмаған жағдайда ЖСҚ мемлекеттік сараптама өткізуге қабылданбайды. 8 тарауға сәйкес «Кепілдеме» мемлекеттік сараптама өткізуге келісім шарттың типтік формасы: «Тапсырыс беруші құжаттамалар бойынша, бастапқы мәліметтердегі ақпараттың дұрыстығын және басқа құжаттарда да, міндеттелген келісімнің барын растайтынына кепілдік береді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тапсырыс беруші жоғарыдағы кепілдемеге толығымен жауапкершілікті мойнына алады».
- Жобалау-сметалық құжаттаманы өңдеу барысында азаматтық-тұрғын үй объектілеріне және қоғамдық міндеттерге, тікелей шатырды жобалау кезінде профнастилді қолданбау.
- СЖТ талап етуін ескермеуді болдырмау (сәулет-жоспарлау тапсырмасы).
- Жобаларды келісімге берер кезінде міндетті түрде СЖТ, бастапқы құжаттар мен жергілікке байланысы бар ситуациялық схемасы болу керек.
- «Қалақұрылысы. Жоспарлау және қалалық пен елді мекендерде құрылыс салу» ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2008 талабының бұзылуына жол бермеу», ҚНжЕ 3.02-43-2007 "Тұрғын ғимараттары", ҚР РДС 3.01-05-2001 "Қалақұрылысы. Жоспарлау және мүгедектермен икемділігі шектеулі топтағы тұрғындардың талаптарын ескере отырып қоныстану орындарының құрылысын салу", сонымен қатар МСН 3.02-05-2003 және ҚР СП 3.06-15-2005.
- Жобалау кезінде белгісі бар жобаланатын объектілердің жапсар жайына көңіл бөліну керек, нөлдік белгіге, жүру бөлігі белгісіне және құрылымның барына, сондай-ақ, көгалдандыру туралы сұрақтарына ерекше көңіл аудару және ескеру.
3. Аудандар мен қалалардың қалақұрылысына және сәулет бөлімдеріне СЖТ немқұрайлы толтыруына жол бермеу.
4. Жұмыс істеудің тұрақтылығы мен сенімділігін орнату мақсатында пайдалануға берілетін ғимараттардың, имараттардың, коммуникация мен инженерлік жүйелердің және олардың элементтерінің (бөлігінің) физикалық (техникалық) жағдайын техникалық зерттеуге мемлекеттік лицензиясы бар ұйымдарға «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» ҚНжЕ 2.03-30-2006 талаптарын ескере отырып сейсмиканы күшейту туралы техникалық қорытынды беріледі.
5. Семинар-жиналыстың қатысушыларына осындай бір жағынан жергілікті басқарма органдары мен жобалаушылардың, және екінші жағынан аумақтық сараптау органдары арасындағы кездесулердің қажеттілігі айтылды