Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Дөңгелек үстел

2012-05-22
Дөңгелек үстел
Дөңгелек үстел
Дөңгелек үстел
Дөңгелек үстел

Алматы облысы, Республикада құрылыс көлемі бойынша сенімді түрде алдынғы қатарлардан орын алады. Жыл сайынғы тұрғын үйлерді енгізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау, өндірістік, сауда, әлеуметтік, мәдени тұрғыда көптеген жаңа нысандарды құру, сонымен қатар көлік коммуникация құрылысы жоба сараптамасының уақытылы және сапалы болуын талап етеді. «Мемсараптама» РМК жүйесінің барлық кәсіпорындары қабылданған шешімдердің икемді, жедел болуымен қатар, қатаң және түбегейлікті талап ететін уақытылы құрылыс кәсібінің талаптарын жоғары түрде сәйкестендіруге ұмтылады.
Жобалау-сметалық және сараптамалық қызметін алдағы уақытта жетілдіру процесін дайындау шеңберінде 2012 жылдың 22 мамырында «Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ біріге отырып, «Алматы облысы аумағындағы құрылыстың жобалау құжаттамасы (жобалау-сметалық) мен алдын ала жобалау (техника-экономикалық негіздеме) сараптамасын жүргізу кезіндегі бағдарлама администраторлары мен «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК өзара әрекет ету тиімділігін жоғарлату мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Алматы облысындағы құрылыс сапасы мен нысандар құрлысына жобалау-сметалық құжаттаманың сапасын жақсарту үшін алқалы шешім қабылдау, жалпы амалдарды анықтау және талас тудыратын сұрақтарды айқындау.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары: аудандық (қалалық) құрылыс бөлімдерінің бастықтары; «Алматы облысы бойынша лицензиялау және сәулет-құрылыс бақылау департаменті» ММ, «Алматы облысының тұрғын үй- коммуналдық және энергетика басқармасы» ММ, «Алматы облысының автокөлік жолдары мен жолаушылар көлігі басқармасы» ММ, «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Алматы облысының білім басқармасы» ММ өкілдері.
Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК директоры - Шымбаев Н.Н. ашты. Өз кезегінде ол, Жобалау-құрылыс кешенінің барлық қатысушыларының өзара үйлесімділігінің қажеттілігі туралы, жобалау-құрылыс кешенінің барлық қатысушыларымен біріге отырып тоқтаусыз талқылауды талап ететін өзекті мәселелерді белгіледі.
«Талдықорғанмемсараптама» ЕМК директорының орынбасары Молдыбаева Ж.Ж., басшылық көзқараспен өз баяндамасында сараптама өз қызметін жүзеге асыру барысында кездесетін кейбір мәселелерді атап өтті. Жобалар сараптамасының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құжаттамасының орындалуына және ұсынылған жобалардың сапасына үлкен мән береді.
«Алматы облысының жобалау-құрылыс кешенінің даму қарқыны және басқада сұрақтар туралы» тақырыбы бойынша баяндамасымен «Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ бастығының орынбасары Бектасов Т.А. сөз сөйледі.
«Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ өндірістік-техникалық бөлім бастығы Сұлтанбеков Н.Б. жобалау басында жобаларды бір типке келтіру туралы мәселесін көтерді.
«Талдықорғанмемсараптама» ЕМК өндірістік бөлімі мен тапсырысшылар арасындағы өзара қарым-қатынасты орнату қажеттілігі туралы «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК өндірістік бөлімінің бастығы Евтушевская Т.Н. сөз кезегін алды.
«Талдықорғанмемсараптама» ЕМК өндірістік бөлім бастығының орынбасары Бектұрсынов М.М. сараптамаға берілетін жобалау-сметалық құжаттаманың кешенділігіне мән бере отырып, дөңгелек үстелдің қатысушыларына пайдалы ақпаратты ұсынды. Құрылыстың алдын ала жобалау (техника-экономикалық негіздемесі) және жобалау (жобалау сметалық) құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін жасалған келісім шарт міндеттемелерінің орындалуы туралы сұрақтарға «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК бас маманы-заңгер С.Б. Ярмухамедова мәлімдеме берді. «Алматы облысы бойынша МСҚБ және Л» ММ директоры Мұхтаров Б.Ж., Кербұлақ ауданының құрылыс бөлімінің бастығы Өмірәлиев М.Х. және басқа да қатысушылар пікір алмасуда белсене қатысты.
Қызметті толық жетілдіру аясында «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК жобалау-құрылыс кешені қатысушыларының өзара іс-жүргізуін жақсартуды, бірлескен қызметті үйлестіру, өзекті мәселелерді талқылау және болашақтағы міндеттерді анықтауды мақсат етіп қойды, жаңа формаларды қолданып, алда уақытта әрдайым осы шараларды ұйымдастыру жоспарланды.