Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ХХХ Лондон Олимпиадысы чемпиондарының салтанатты шеруі

2012-08-16
ХХХ Лондон Олимпиадысы чемпиондарының салтанатты шеруі
ХХХ Лондон Олимпиадысы чемпиондарының салтанатты шеруі

2012 жылдың 15 тамызында Талдықорған қаласының Орталық стадионында ХХХ Лондон Олимпиадысы чемпиондары ауыратлеттер Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедовалардың салтанатты шеруінде Алматы облысы бойынша РМК «Мемсараптама» филилалының қызметкерлері белсенді түрде қатысты.
Салтанатты шеру кезінде Олимпиада чемпиондарын Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов құттықтап, «Toyota Land Cruiser - 200» автокөлігін және әрқайсысына 10 млн. теңге сомасында сертификатын сыйға тартты.
Облыс әкімі өз құттықтау сөзінде Олимпиада ойындарындағы ауыратлеттердің бұл жеткен жетістігі олардың зор еңбек сүйгіштігімен, алға қойған мақсаттарына жетуге ұмтылудың нәтижесі екенін айрықша атап өтті. Олардың бұл жеңісіне облыс басшыларының көрсеткен материалдық және моральдық көмектері де аса маңызды рөл атқарды.
Олимпиада ойындарының чемпиондарын құттықтау салтанаты қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен және мерекелік от шашумен аяқталды