Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2012-08-22 күнінлені «ОЙТАЛ – ҚАЙНАР» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ревизиясы

2012-08-15
«Мемсараптама» РМК Autodesk: Болашақ туралы әңгімелесу конференциясына қатысты

желтоқсанда пайдалануға беріліп, жүргіншілер Шу қаласын айналып жүру машақатынан құтылады

Мемлекет басшысы үстіміздегі жылғы Жолдауында: «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің қазақстандық учаскесінің құрылысын аяқтаудың маңызы зор. Бұл, шынымен де, ғасырдың халықтық құрылысы. Бұрын қай жерде 3 жыл ішінде 2700 шақырым сапалы автомобиль жолы салынып еді? Біз алдағы жылы бұл жұмысты аяқтауға тиіспіз» деп ерекше атап өтті. Халықаралық көліктік дәлізінің құрылысын жоспар бойынша 2013 жылы бітіру көзделген. Жобаны жүзеге асыру қолға алынған үш жылда қандай шаруалар еңсерілді? Бүгінде барша жұртты толғандырып жүрген Ойтал мен Қайнар елді мекендерінің арасында салынып жатқан жол қашан іске қосылады? Автомобиль жолдары комитеті Жамбыл облыстық департаментінің директоры Ұлан ӘЛІПОВПЕН осы мәселелер жөнінде әңгімелестік.
— Осы мерзімде төрт жолақты, екі бағыттағы 188 шақырым бірінші санаттағы техникалық автомобиль жолында уақытша көлік қозғалысы ашылып, жолаушылар тақтайдай тегіс жолмен жүйткуде. «Құлақ естігенді көз көреді» демекші, жұртшылықтың, әсіресе, жамбылдықтардың осы игі істің бастамашысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ризалығы шексіз. Халықаралық көліктік дәліз облысымыздың аумағында 495,3 шақырымда салынады. Оның 375 шақырымы — 4, қалғаны екі жолақты болады. Жобаның жалпы құны — 1162 миллион АҚШ доллары. Құрылыс жүргізілетін аумақ 11 телімге бөлінген. Бүгінде оның 10-ында жұмыс ырғақты жүргізілуде. Он бірінші телім — Тараз қаласын айналып өтетін 65 шақырымның құрылысына мемлекеттік сатып алу конкурсы күзде өткізіліп, мердігер анықталады. Оның құрылысы жыл соңына қарай басталады. Айналма жол 2014 жылы пайдалануға берілуі тиіс.
– Бірқатар мердігерлер белгіленген жұмысты мерзімінен бұрын бітіруге уәде берген болатын. Олар оның үдесінен шыға ма?
– Ғасырдың алып құрылысын ірі әрі әлеуетті «К Дорстрой», «Казахдорстрой», «Ақмола құрылыс материалдары», «КСС/Жамбыл жол құрылыс», «КСС E&C» және «Дженгиз Иншаат» компаниялары жүргізуде. Тараз және Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі 58 шақырымда бірінші санатты техникалық жол салып жатқан «К Дорстрой» АҚ Жамбыл филиалы оны келесі жылы пайдалануға беруі тиіс болатын. Кестеден озып келе жатқан компания нысанды биыл қараша айының басында ел игілігіне ұсынуды көздеп отыр. «КСС/Жамбыл жол құрылыс» ЖШС «Алматы — Ташкент» автотрассасының 443-483 шақырымында төрт жолақты бетон жолдың құрылысын қазан айында бітіреді. «Казахдорстрой» компаниясында қарқыны қуантарлық. Серіктестікте белгіленген міндетті мерзімінен бірнеше ай бұрын еңсеретін болады.
– «Ойтал – Қайнар» автомобиль жолы жабылған үш жылдан бері жолаушылар Қайнар ауылына Шу қаласы арқылы қатынауда. Соның салдарынан жол 57 шақырымға ұзарып, жүргізушілер мен жолаушылардың уақыты мен қаржысын ысырап етіп, жүйкесін жұқартуда. Ойтал мен Қайнардың арасына Қырғыз шекарасын айналып өтетін жаңа жолдың құрылысы қашан бітеді?
– Ойтал мен Қайнар арасындағы ескі жол бұрын 90 шақырым болса, Қырғыз шекарасын екі жерден айналып өтуге байланысты енді ол 7 шақырымға ұзарады.
Тендерде осы жұмысты ұтып алған «КСС E&C» компаниясы қазірге дейін осы бағытта 28 шақырым төрт жолақты жолдың құрылысын бітірді. Жалпы, осы бағытта 49 шақырымда нысанның астыңғы топырақ қабатын төсеу және бетон құю бір мезгілде жүзеге асырылуда. «Ойтал — Қайнар» автомобиль жолында бір бағыттағы екі жолақты жол желтоқсан айында іске қосылады. Жолаушылар Шуды айналып жүру машақатынан құтылады.
– Қайнар мен Отар ауылдарының арасына 80 шақырым автомобиль жолын салып жатқан «Дженгиз Иншаат» кәсіпорнының қарқыны қалай?
— Компанияның әлеуеті зор. Бұл іске ерте көктемде кіріскен олар қазір топырақ қабаттарын төсеп, тығыздауда. Бірқатар аумақтарда олардың үстіне бетон құю қолға алынды. Серіктестік нысанды келесі жылы пайдалануға беруі тиіс.
— Биыл қанша шақырымда жаңа жол салынады?
— Облыс аумағында 10 телімде бұл іспен айналысып жатқан мердігерлердің тәжірибесі мол. Олардың барлығы кестеден алда келеді. Биыл олар 41 миллиард теңгені игеруі тиіс. Төрт телімде 185 шақырым жол құрылысы толық аяқталып, ел игілігіне беріледі. Қазірге дейін бөлінген қаржының 50 пайыздан астамы игерілді. Бұл жұмыспен 7 мыңға жуық адам және 1785 бірлік техника айналысуда. Кейінгі кезде нысанға қажетті материалдың барлығы еліміздің аумағынан алынуда. Бүгінде бұл істе қазақстандық үлес 90 пайызды құрайды. Құрылысқа қатысушылардың алаңсыз жұмыс істеп, демалуына жағдай жасалған. Олар вахталық қалашықта тұрады. Күнделікті үш мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.
Компаниялардың алдында күрделі де шешуші міндет тұр. Олар үстіміздегі жылы 131,4 шақырымда жаңа жол салады және бұрынғы нысандарын мемлекеттік комиссияға өткізеді.