Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалы қалалық сейсможаттығуды жүргізуге белсене қатысты

2012-07-27

2012 жылдың 25 шілдесінде Алматы қаласында «Барлығының назарына!» сигналы бойынша электр дабылдарының қосылуымен және қалалық радио хабарландыру торабы арқылы таратумен «Күшті жер сілкінісі қаупі туындаған жағдайда қала тұрғындарының, төтенше жағдайды жою және ескерту бойынша ведомствоаралық комиссиясының, басқару органдарының іс-әрекеті» тақырыбында жалпықалалық сейсможаттығу өтті.

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалы сейсможаттығуды жүргізуге белсене қатысты, барлық қызметкерлер электр дабыл даусын естігеннен кейін, аз уақыт ішінде қауіпсіздік техника ережелерін сақтай отырып, өз жұмыс орындарын тастап шықты.