Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Тараз қаласында Спорт сарайы құрылысы

2012-06-01
Тараз қаласында Спорт сарайы құрылысы

Жамбыл облысының орталығында Спорт сарайы құрылысының ірге тасын қалаудың ресми салтанаты өтті, оған аймақ басшысы Қанат Бозымбаев қатысты.
Жаңа құрылыс нысанына тапсырыс берген, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы болып табылады. Бас жобашы – Шымкент қаласындағы «Орталық Азиялық жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШС-і болып бекітілді. Құрылыстың аяқталу мерізімі 2013 жыл болып белгіленді.Жобаның сметалық құны 4 млрд. 876,7 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде құрылыс монтаж жұмыстары 3 млрд. 677,2 млн. теңге, жабдықтар 477,6 млн. теңге. 2011 жылғы облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді. Жоба «Госэкспертиза» РГП мемлекеттік экспертизадан өтті. Жобаның бас мердігері – Астана қаласындағы «СК Құлагер» құрылыс компаниясы.
Спорт сарайының жалпы көлемі 7,727 га құрайды. Құрылыс алаңы – 10 671,0 шаршы метрді құрайды. Спорт сарайында жалпы дене шынықтыру және атлетика дайындығы, спорттық-балдық би, спорт ойындары волейбол, баскетбол, мини футбол, теннис, спорттық бассейн, оның ішінде,
- баскетболға арналған – ауысымына 24 адамдық зал,
- волейболға арналған - ауысымына 24 адамдық зал,
- қол добына арналған – ауысымына 24 адамдық зал,
- мини футболға арналған – ауысымына 24 адамдық зал,
- боксқа арналған – ауысымына 25 адамдық зал,
- классикалық және еркін күреске арналған – ауысымына 24 адамдық зал,
- дзюдо және самбоға арналған- ауысымына 30 адамдық зал,
- таэквандоға арналған -ауысымына 30 адамдық зал,
- ауыр атлетикаға арналған – ауысымына 11 адамдық зал,
- үстел теннисіне арналған- ауысымына 12 адамдық зал,
- спорттық-балдық биіне арналған – ауысымына 30 адамдық зал,
- спорттық жүзу бассейіні – ауысымына 100 адамға арналған зал,
- тир – ауысымына 10 адамға арналған зал.
Спортшыларды және комплекске келушілерді тамақ пен қамтамасыз ету үшін екі қоғамдық тамақтандыру орны жұмыс жобасы бойынша белгіленген.
- 120 орынға арналған кафе,
- 110 орынға арналған кафе-бар.
Тараз қаласындағы Спорт сарайының құрылысы оқу-жаттығу процесстері сапасын арттыруға жағдай жасайды, тиісінше облыс спортшылары дайындығының деңгейіне әсер етеді, облыстық, республикалық мәніндегі спорттық-бұқаралық шараларды жоғары кәсіби деңгейде өткізуге септігін тигізетін болады.