Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2012-05-26
АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ауданның шалғай ауыл тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізетін күн алыс емес. Көшек батыр ауылының бұрыннан бар ауыз су жүйесі бұдан бірнеше жыл бұрын ғана жөндеуден өткенмен, оны қайтадан толық жаңарту көзделуде. Ол үшін биыл облыстық бюджеттен 150,9 миллион теңге бөлініп отыр. Қазіргі күні оның 87,3 миллион теңгесі игеріліп, ұзындығы 10,5 шақырым келетін су құбыры жаңартылуда. Жаңа су жинақтағыш мұнара бой көтерді.
Ойық ауылында да су жүйесінің құрылысы бойынша бастоғанның резервуары құрастырылуда. Бір жарым шақырым траншея қазылып, бір шақырым құбыр салынған. Бұл нысанға биыл республикалық бюджеттен 273,2 миллион теңге, облыстық бюджеттен 64,6 миллион теңге, аудандық бюджеттен 15 миллион теңге бөлініпті. Су жүйесінің ұзындығы 24 шақырымды құрайды.
Сәду Шәкіров ауылының тұрғындары да таза ауыз суға қол жететін күнді асыға күтіп отыр. 24 шақырым келетін су жүйесін жаңғырту үшін 167,9 миллион теңге қаралып, бүгінгі күнгі 48,8 миллион теңгенің жұмыстары атқарылған. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстарға жұмыс жүргізуші компаниялар ауыл адамдарын жұмысқа тартып, еңбекпен қамтуға мүмкіндік жасап отыр.