Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалының бұрыңғы қызметкері және зейнеткері Белов Владимир Васильевич, 72 жасында дүниеден озды.

2012-06-08
«Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалының бұрыңғы қызметкері және зейнеткері Белов Владимир Васильевич, 72 жасында дүниеден озды.

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалының бұрыңғы қызметкері және зейнеткері Белов Владимир Васильевич, 72 жасында дүниеден озды.
Владимир Васильевич 1940 жылдың 2 шілдесінде Иванов қаласында, Қызыл әскер отбасында дүниеге келді. Еңбек іскерлігін 1957 жылы қыркүйек айында РКФСР МТӨ «Фабрика им.8 марта» шлихтовальщик қызметінен бастады. 1959 жылы Иванов қаласындағы М.В. Фрунзе атындағы Иванов текстиль институтына тапсырды. Механикалық технология бойынша инженер-технолог мамандығын алып шықты. 1963 жылы Верхний-Воложскийде «СНХ фабрикасында» мастер болды, 1964 жылы аға мастер болды. 1966 жылы Орта-Азиялық МУ-де мастер, прораб, ӨТБ бастығы лауазымын атқарды, сонымен қатар саяхатшылар клубының төрағасы болды. 1971 жылы Бас конструктор, Алматы қаласының Главлегпроммонтаж бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1988 жылы сауда бөлімінің, тұрмыстық қызмет көрсету мен жергілікті өнеркәсіпте) бас маман қызметін атқарды. 1988 жылдың желтоқсан айында («Казбыттехника» ҒӨБ-нен Қазақ КСР Мем Құрылыс кезіндегі ведомстводан тыс мемлекеттік сараптаудың Бас басқармасына ауыстырылды. 2008 жылы зейнетке шықты.
Белов Владимир Васильевич «Мемсараптамада» қызмет еткен кезінде өзін сауатты, білікті және жобалық құжаттамаға сараптау жүргізу барысында туындаған мәселелерді шешуге қабілетті ұқыпты маман ретінде көрсетті. «Мемсараптама» ұжымы мен Тапсырысшылардың арасында үлкен абыройға ие болатын. «Мемсараптама» іскерлігінде жобалардың сапасын жоғарылатуға айтарлықтай үлесін қосты. «Мемсараптама» мен бөлімнің қоғамдық өміріне белсенді қатысты.
В.В. Беловтың өмірден озуына байланысты қайғыға ортақпыз. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Құрметпен, «Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалының әкімшілігі