«Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалына жұмыс сапары барысында «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары Ержан Амангелдіұлы Тикібаев филиалдың жаңа директоры Мықтыбаев Қанат Жақсылықұлын ұжымға таныстырды. Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевпен кездесу өтті.
Айта кетейік, тағайындалған филиал директоры 2018 жылдан осы филиалдың Атырау облысы бойынша департаментінің директоры, 2016 жылдан «Мемсараптама» РМК жүйесінде жұмыс істеген.