2012 жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы болып өтті, онда орталық атқару органының 2011 жылғы жұмысы қорытындыланып, Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауынан, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардан туындайтын 2012 жылғы мақсаты айқындалды. Жолдауда тұрғын үй құрылысы, энергетика объектілері, газ химия және газ өңдеу кешендері, Жезқазған-Бейнеу мен Арқалық-Шұбаркөл жаңа темір жол желілерін салу мәселелері атап өтілді, сондай-ақ «Батыс-Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль дәлізінің қазақстандық учаскесінің құрылысын аяқтау, туризм инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылды.
Агенттіктің алқа отырысына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары С.Ахметов қатысып, алқа отырысын қорытындылады, Құрылыс және ТКШ мәселелерін қадағалайтын Қазақстан Реcпубликасы Парламентінің депутаттары мен облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволар, жобалау және құрылыс ұйымдарының, құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өкілдері, Агенттікке бағынысты ведомстволар мен аумақтық бөлімшелердің басшылары қатысты.