Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Министр Мемсараптама қызметкерін медальмен марапаттады

2025-04-16
Министр Мемсараптама қызметкерін медальмен марапаттады
Министр Мемсараптама қызметкерін медальмен марапаттады

16 сәуір күні Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бастамасымен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері күні» кәсіби мерекеге орай салтанатты іс шара ұйымдастырылды.

Мерекелік жиын барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев саланың үздік мамандарына медальдар мен төсбелгілер табыс етті. Марапатталғандардың қатарында «Мемсараптама» РМК қызметкері Айбек Ехласов та бар. Ол «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісін алды.

Айбек Серікбайұлы Ехласов 1960 жылы 23 ақпанда Көкшетау облысы Володаров ауданы Қазанка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1979 жылы «Южсантехмонтаж» тресінің монтаждау басқармасында сантехник ретінде бастады. Оның жалпы жұмыс өтілі 46 жылды құрайды, оның 20 жылдан астамын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына арнады. 2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Мемсараптама» РМК жобаларды сараптау басқармасының өндірістік бөлімінің инженерлік желілер мен жүйелер секторының сарапшысы. 2022 жылы Айбек Ехласов ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен, ал 2024 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Сонымен қатар, шара аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс Министрінің «Құрмет грамотасымен» «Мемсараптама» РМК маманы Ирина Данилкина марапатталды. Ирина Сергеевна еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Ол «Мемсараптама» жүйесінде 19 жыл жұмыс істейді.