«Мемсараптама» РМК Ақтау қаласындағы 19а, 20, 20а, 33, 34а, 35 жаңа ықшам аудандарын жылумен жабдықтау үшін жаңа қазандықты салу жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізіп, оң қорытынды берді.
Құрылысы нысаны Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы №8 өнеркәсіптік аймақта, №50 учаскеде орналасатын болады. Қазандық ғимараты бір қабатты, негізгі жақтаулары металлдан көтеріліп, ал сырты сэндвич панельмен қапталады.
Ғимарат ішінде әкімшілік-тұрмыстық, инженерлік желілерге арналған үй-жайлар қарастырылған. Нысанның жалпы биіктігі-12530 мм, құрылыс алаңы 4792.24 м2 құрайды.
Тапсырыс беруші: «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ
Бас жобалаушы: «Ақ жол - ІІ» ЖШС