Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалы Наурызды атап өтті

2025-04-07

Көктем мерекесіне арналған салтанатты іс-шара «Мемсараптама» РМК-ның Оңтүстік өңірі бойынша филиалының ғимаратында ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға филиал қызметкерлері, сараптаманың дамуына елеулі үлес қосқан құрылыс саласының ардагерлері қатысты.

Мерекеге арнайы «Наурыз» көжесі мен ұлттық тағамдар дайындалып дастархан жайылды. Ұлттық салт дәстүрлеріміздің бірі «Тұсау кесер», ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды.

2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы қарарына сәйкес 21 наурызды «Халықаралық Наурыз күні» деп қабылданған.

2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурызды тойлаудың жаңа форматы бекітілді, ол «Наурызама» деген атау алды. Қазақстандықтар наурызды жыл сайын он күн бойы – 14-23 наурыз аралығында тойлайды. Он күннің әр күні қазақ мәдениеті мен қоғамының байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналады. Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған.