2025 жылғы 12 ақпанда "Мемсараптама" РМК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) алдын алу қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру басқармасының басшысы Уәлихан Құрамаевтың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат"тақырыбында
Семинар-кеңеске Бас директордың орынбасарлары, департамент директорлары және кәсіпорын филиалдарының басшылары қатысты.
Дәріс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау критерийлері мен тәсілдері және талдамалық анықтамалар жасау, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар талқыланды.
Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін жетілдіруге және оны үйлестіруге қатысты соңғы түзетулер түсіндірілді.