Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемлекеттік сараптама Алматы қаласында 500 келушіге арналған емхана салу жобасын мақұлдады

2025-01-23

"Мемсараптама" РМК 500 келушіге арналған емхана құрылысына жобалық құжаттаманы қарау қорытындысы бойынша оң қорытынды берді.
Алматы қаласы Наурызбай ауданының "Құрамыс" шағын ауданында күн сайын 500-ден астам адамды қабылдай алатын жаңа емхана ашылады.

Емхананың 3 қабатты ғимаратының жалпы құрылыс алаңы 4126, 71м2 құрайды.
Жұмыс жобасына сәйкес ғимарат бір-бірімен біріктірілген 5 блоктан ( A,B,C,D, E ) тұрады. Бірінші мен екінші блокта функционалдық диагностика кабинеттері, физиотерапиялық емдеу және профилактика бөлімшелері, жалпы практика, конференц зал қарастырылған. С, D блогында, -стоматологиялық, хирургиялық, қабылдау бөлімі, сондай-ақ педиатрия әйелдер бөлімі. Е блогында-жаппай тексеруге арналған флюрографиялық кабинет, ересектер мен балалар бөлімшелері бар. Барлық блоктар инженерлік және техникалық үй-жайлармен, жуынатын бөлмелермен жабдықталған.

Тапсырыс беруші "Алматы қаласының құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бас жобалаушы - "ЖОБА" ЖШС болып табылады.