Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалы барлық сәулетшілерді Дүниежүзілік сәулетшілер күнімен құттықтайды!

2011-10-03
«Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалы барлық сәулетшілерді Дүниежүзілік сәулетшілер күнімен құттықтайды!

Құрметті сәулетшілер! Бүгін сіздердің мерекелеріңіз, яғни Дүниежүзілік сәулетшілер күні. Сіздер барлық адамзат қауымына қажет, өмірге сән бере мамандықты таңдап алғансыздар.Сәулетшілердің бұрынғы дәуірден қазіргі дәуірге дейінгі еңбектеріңе қарасақ, сәулеттің шабытты талап ететін таза өнер екеніне көз жеткіземіз.
Сондықтан осы шабыттарыңыз ешқашан жоғалмай, сіздермен жоспарланған туындылар әрқашан жүзеге ассын! Сіздердің жобалар бойынша салынған қамалдар Ұлы Қытай қамалы сияқты мәңгі болсын, үйлеріңіз египет пирамидалары сияқты берік болып, Бахчысарай фонтаны сияқты көздің жауын алып, қуанта берсін. Сіздердің туындыларыңызда тастар күші мен қайталанбас табиғат сұлулығы өз үйлесімін тапсын. Тағы да айтарымыз, сіздердің есімдеріңіз атақты сәулетшілер есімімен қатар тұрсын демекпіз. Шығармашылық табыстар тілейміз!
1946 жылдың қыркүйек айында Великобритания астанасы Лондон қаласында Совет Одағының делегаттарының қатысуымен сәулетшілердің халықаралық кеңесі өтеді. Осы кеңесте бір ауыздан Сәулетшілердің халықаралық Одағы (СХО) деген атаумен жаңа ұйым ашылу қабылданды. Қазіргі таңда Сәулетшілердің халықаралық одағында әр түрлі әлемнің миллиондаған сәулетшілері мүшелік ететін жүз деген ұлттық секциялар есептеледі.
Осыдан көптеген жылдар бұрын, 1985 жылғы «Сәулетшілердің халықаралық одағы» мәжілісінде «Халықаралық сәулетшілер күнін» шілде айының бірінші дүйсенбісінде мерекелеу туралы шешім қабылданды.
Бірақ, 1996 жылы Испан қаласы Барселонада өзінің жиырмасыншы Бас ассамблеясында Сәулетшілердің халықаралық одағы «Дүниежүзілік сәулетшілер күнін» қазан айының бірінші дүйсенбісіне, яғни, Біріккен Ұлттар Ұйымының патронажымен аталып өтетін Дүниежүзілік тұрғын үй күніне (Дүниежүзілік Хабитат күні) ауыстыру туралы шешім қабылданған.
«Дүниежүзілік сәулетшілер күні» мерекесінің өзіндік дәстүрі бар, осы күні барлық әлемнің сәулетшілері өздерінің білімдері мен тәжірибелерін бөлісетін, құрылыс және ғимараттар мен имараттарды жаңғырту бойынша мәселелерді шешу жөніндегі конференцияларда, симпозиумдер мен форумдарда жиналады, тематикалық дискуссиялар мен диспуттар ұйымдастырады. Түрлі көрмелер мен эскурссиялар ұйымдастырылады.