Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасы заң бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

2024-06-25
«Мемсараптама» РМК әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасы заң бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

1) Бос лауазымның атауы – «Мемсараптама» РМК Әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасы заң бөлімінің бас маманы.
2) Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57 45 00.
3) Құжаттарды қабылдаудың аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2024 жылғы «03» шілдеде сағат 18.30 қоса есептелгенге дейін atazhedinova@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс.
4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар.
Лауазымның мақсаты мен бағыты:
Кәсіпорынның қызметін құқықтық қамтамасыз ету.
Білімге қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік білім.
Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. қойылатын талаптар: жақсы болар еді.
Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Мамандық бойынша кемінде 3 жыл не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 4 жыл.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- «Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексі» ҚРК;
- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» ҚРК;
- «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» ҚРК;
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚРК;
- «Құқықтық актілер туралы» ҚРЗ;
- «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚРЗ;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚРЗ;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ;
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚРЗ;
- азаматтық заңнама негіздері;
- Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
- әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнама негіздері;
- Кәсіпорын қызметінің түрлерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер;
- аталған лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері;
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) іскерлік хат алмасу дағдылары;
2) іскерлік қарым-қатынас дағдылары;
3) командада жұмыс істеу;
4) келіссөздер жүргізу;
5) құжаттардың жобаларын әзірлеу және жүргізу (келісімдер, қағидалар, регламенттер және т.б)
Функционалдық міндеттері:
1) Кәсіпорын қызметінен туындайтын істер бойынша барлық сатыдағы соттарда Кәсіпорын мүдделерін білдіру;
2) Кәсіпорынның қызметін құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі Кәсіпорынның ішкі актілерін әзірлеу;
3) басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, шарттардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру;
4) Кәсіпорын қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұраулар дайындау;
5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, адвокаттық сауалдарға жауаптар дайындау;
6) құқықтық мәселелер бойынша заң қорытындыларын дайындау;
7) Кәсіпорынның және оның филиалдарының сот талқылауларын есепке алу және бақылау;
8) жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарттарды бұзу негіздерін қарау, олардың шегінде шарттарды бұзу мүмкін болатын мерзімдерді тексеру, ЖШБ-мен келісімдердің редакцияларын пысықтау;
9) жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарттардың талаптарына өзгерістер енгізу негіздерін тексеру, ЖҚБ-мен қосымша келісімдердің редакциясын пысықтау;
10) Кәсіпорынның ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен сараптамалық қорытындыларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу негіздерін тексеру;
11) Кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарының жобаларын әзірлеу және келісу;
12) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада және Кәсіпорынның ішкі актілерінде белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
13) шарттық міндеттемелерді бұзған өнім берушілерден тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) өндіріп алу және оларды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану жөнінде шаралар қабылдау;
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде сот шешімі негізінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне өнім берушілерді енгізу үшін мемлекеттік сатып алу секторына ақпарат беру;
15) Кәсіпорынның www.gosexpertiza.kz ақпараттық ресурсында «Сұрақ-жауап» айдары үшін жауаптарды түскен сәтінен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде дайындау;
16) Кәсіпорын бекіткен нысандар бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу қағидаларында көзделген келісімдерді жасасу және есепке алу;
17) жобаларға (ТЭН, ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарттардың бекітілген нысандарын есепке алу және өзектендіру;
18) Кәсіпорынның құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер мен консультациялар беру;
19) Кәсіпорынның ішкі актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орындау;
20) Бөлімше бастығының және Кәсіпорын басшылығының Кәсіпорын қызметін құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі өзге де тапсырмаларын орындау.
5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш;
2) қоса беріліп отырған нысан бойынша қызметтік тізім;
3) жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
4) білім туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) түйіндеме.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-дн жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы (еркін нысанда) өтініш береді.
Егер ішкі іріктеу қорытындысы бойынша бос лауазымға орналасуға кандидат анықталмаған жағдайда сыртқы конкурстық іріктеу жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2024 жылғы «04» шілде – кандидаттардың өтінімдерін қарау;
2) 2024 жылғы «05» шілде – кандидаттармен әңгімелесу;
3) 2024 жылғы «09» шілде – конкурс қорытындысы.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

AttachmentКөлем
posluzhnoy_spisok_kandidata.docx20.27 Кб