Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалы директорының орынбасары лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2024-06-06
1) Бос орынның атауы – филиал директорының орынбасары. 2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Шығыс өңірі бойынша филиалы, Өскемен қаласы, Буров көшесі 12/1, тел.: +7 (7232) 70-50-85, 7 (778) 464-55-39. 3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2024 жылғы «12» маусымда сағат 18.30-ға дейін east@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс. 4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар. Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы: Мемлекеттік монополияға жатқызылған қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу және ұйымдастыру мәселелері бойынша Филиалдың қызметін бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз ету. Білімге қойылатын талаптар: Сәулет/ құрылыс мамандықтары немесе техникалық мамандықтар бойынша жоғары кәсіби білім. Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. болуына қойылатын талаптар: жоқ Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар. Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 8 жыл, оның ішінде жобалау ұйымдарында және/немесе сараптама қызметі саласында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Басшы позицияларында: Басшы лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚРК; - "Экологиялық кодекс" ҚРК; - "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚРЗ; - "Құқықтық актілер туралы" ҚРЗ; - Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; - "Мемлекеттік мүлік туралы"ҚРЗ; - "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"ҚРЗ; - "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚРЗ; - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері; - азаматтық заңнаманың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негіздері, - "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары"; - Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілер салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидалары"; - "Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптамалық қорытындыларды ресімдеу қағидалары"; - "сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары"; - осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім. Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: 1) персоналды басқару дағдысы; 2) өкілеттіктерді беру дағдысы; 3) командада жұмыс істей білу; 4) күйзеліске төзімді; 5) көшбасшылық және басқару нәтижелігі; 6) кез-келген адаммен тіл табыса алу; 7) келіссөздер жүргізу және кездесулерді ұйымдастыру дағдысы; 8) іскерлік хат жазу дағдысы; 9) жобалау-сметалық құжаттамамен жұмыс істей білу; 10) дәлелдей білу дағдылары; 11) өз жұмысын жоспарлау және жүзеге асыру дағдысы, шешімдердің айқындылығы мен анықтылығы; 12) уақытты басқару; 13) өзін-өзі бақылау және әділеттілік; 14) қазіргі заманғы менеджмент негіздерін білу және оларды практикада қолдана білу . Функционалдық міндеттері: 1) мемлекеттік монополияға жатқызылған құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мәселелері бойынша филиалдың қызметін бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді; 2) филиалдың перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге және орындауға қатысады; 3) құрылыс жобаларының сараптамалық жұмыстарын орындау бойынша Тапсырыс берушілермен, жобалаушылармен, сарапшылармен өзара қарым-қатынас мәселелерін шешуді жүзеге асырады; 4) филиал басшылығының бекітуі үшін сараптама тобын қалыптастыруды келіседі және бақылауды жүзеге асырады; 5) ВКСБАЖ кешенді ведомстводан тыс сараптама процестерінің мерзімдерін бақылайды; 6) МС ЖҚ 08-2020 және Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 01 сәуірдегі №299 бұйрығымен бекітілген "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес, жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. 7) сараптамалық қорытындылар сипаттамасының сапасын талдайды және бағалайды, сараптамалық қорытындылардың сапасын арттыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді; 8) кәсіпорынның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларына қол қояды; 9) жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу кезінде сарапшыларға консультациялық көмек көрсетуді үйлестіреді, оның ішінде сараптама объектілері бойынша сараптамалық жұмыстарды орындау кезінде туындайтын мәселелерді шешу және талқылау үшін жекелеген мамандарды шақыра отырып, техникалық кеңестер өткізеді; 10) филиалдың бірыңғай ақпараттық кеңістігін құруға, филиалдың ақпараттық қауіпсіздігіне және ақпараттық қамтамасыз етілуіне қатысады; 11) филиалдың веб-сайтында интерактивті картаны мерзімді жаңартуды қамтамасыз етеді; 12) құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуын бақылайды; 13) Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, кәсіпорын және Филиал басшылығының тапсырмаларының мерзімінде орындалуын бақылайды; 14) филиал басшылығына филиал қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 15) өз құзыреті шегінде әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады; 16) филиал қызметкерлерінің оқыту іс-шараларына қатысуын қамтамасыз етеді; 17) бұйрық негізінде филиал директорының міндетін ол болмаған кезеңде атқарады; 18) еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді; 19) мемлекеттік сарапшылардың Ар-намыс Кодексінде белгіленген қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді; 20) жобаларды сараптау кезінде құпиялылық қағидатының сақталуын қамтамасыз етеді; 21) Ақпараттық қауіпсіздік туралы Ереже талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді; 22) кәсіпорынның сапа менеджменті жүйелерінің процестерін жұмыс жағдайында ұстауды қамтамасыз етеді; 23) кәсіпорын Жарғысында, Филиал туралы ережеде, жобаларға сараптама жүргізу мәселелері бойынша филиалдың ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындайды. 5) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: - «Мемсараптама» РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалы директорының атына еркін нысандағы өтініш - қоса берілген нысан бойынша қызметтік тізім; - жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат); - білімі туралы құжаттың көшірмесі; - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; - түйіндеме. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Байқау келесі кезеңдерден тұрады: 1) 2024 жылғы "13" маусым– кандидаттардың өтінімдерін қарау; 2) 2024 жылғы "14" маусым – кандидаттармен әңгімелесу; 3) 2024 жылғы "17" маусым-конкурс қорытындысы. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.