Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасының әкімшілік бөлімі бас маманының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

2024-06-04
1) Бос лауазымның атауы – «Мемсараптама» РМК әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасы әкімшілік бөлімінің бас маманы. 2) Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57 45 00, ішкі.: 7055. 3) Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні және уақыты – құжаттар 2024 жылғы «10» маусымда сағат 18.30-ға дейін atazhedinova@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс. 4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар. Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы: Бөлімшеге жүктелген міндеттерді тиімді орындау. Білімге қойылатын талаптар: «Аударма ісі» немесе «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім. Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. қойылатын талаптар: біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болғаны жақсы. Мамандығы бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: мамандығы бойынша не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі. Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер: Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; - Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; - азаматтық заңнаманың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негіздері; - «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары; - Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары; - Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; - осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері. Ішкі құжаттар: - Кәсіпорын Жарғысы; - Кәсіпорынның ішкі құжаттары мен актілері; - Кәсіпорынның саясаты мен мақсаттары; - Кәсіпорынның даму бағдарламалары мен жоспарлары; - құрылымдық бөлімше туралы ереже; - лауазымдық нұсқаулық; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім. Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: - аударма тілінің жазбаша нысанын кәсіби меңгеру; - қарапайым сауаттылық; - төзімділік, жинақылық; - ВКСБАЖ-де жұмыс істеу дағдылары; - жоғары жұмыс қабілеттілігі және т б. Функционалдық міндеттер: 1) аудармалардың түпнұсқалардың лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкестігін қамтамасыз ете отыра, құжаттар мәтіндерінің, сондай-ақ басқа да қызметтік құжаттардың аудармасын, пайдаланылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу, мемлекеттік тілде нормативтік құқықтық құжаттардың сапасын арттыру, сондай-ақ салалық терминдерді біріздендіру мәселелері бойынша құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері үшін оқыту семинарларын, дәрістер өткізу; 3) Кәсіпорын басшылығының тапсырмаларын, бұйрықтарын, өкімдері мен нұсқауларын сапалы және мерзімінде орындау; 4) Кәсіпорынның іс қағаздарын мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі жұмыстарды орындау; 5) қызметкерлердің біреуі уақытша болмаған жағдайда оның міндеттерін орындау; 6) ұсынылған құқықтарға сәйкес «Е-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында жұмыс істеу және тапсырмаларды уақтылы орындау; 7) басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау. 5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш; 2) қоса беріліп отырған нысан бойынша қызмет тізімі; 3) жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат); 4) білім туралы құжаттың көшірмесі; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) түйіндеме. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-ің жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына өтінішті (еркін нысанда) жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы береді. Ішкі іріктеу қорытындысы бойынша бос лауазымға орналасуға үміткер анықталмаған жағдайда сыртқы конкурстық іріктеу жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Конкурс келесі кезеңдерден тұрады: 1) 2024 жылғы «11» маусым – үміткерлердің өтінімдерін қарау; 2) 2024 жылғы «12» маусым – үміткерлермен әңгімелесу; 3) 2024 жылғы «13» маусым – конкурс қорытындысы. Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс нәтижелеріне шағымдануға құқылы. БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА ВАКАНТНУЮ ДОЛЖНОСТЬ _____________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО (түрлі түсті/ цветное, 3х4) _____________________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні және жері/ Дата и место рождения 2. Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию) 3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения 4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 5. Шет тілдерін білуі/ Владение иностранными языками 6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) 7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) 8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/ приема босатылған/ увольнения _____________________ Үміткердің қолы/Подпись кандидата _______________ күні/дата