2024 жылғы 16 ақпанда «Мемсараптама» РМК отандық өндірушілердің материалдары мен жабдықтарын пайдалану бойынша кезекті кеңес өткізді. «Мемсараптама» РМК бастамасымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Самұрық-Қазына құрылыс» АҚ өкілдері шақырылды. Жиында қазақстандық мазмұндағы құрылыс материалдары мен жабдықтарын пайдалануға қатысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Басты мақсат – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруда отандық тауар өндірушілерді қолдау. Әр баяндаманың соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беретін ашық пікірталас жоспарланды.