Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының жетекші маманы (аударма, іс жүргізу, мұрағат, қабылдау бөлімі) бос орнына конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2024-05-23
«Мемсараптама» РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалы   әкімшілік-басқару персоналының жетекші маманы (аударма, іс жүргізу, мұрағат, қабылдау бөлімі) бос орнына конкурс жүргізу туралы хабарландыру
1) Бос орынның атауы – әкімшілік-басқару персоналының жетекші маманы (аударма, іс жүргізу, мұрағат, қабылдау бөлімі). 2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Шығыс өңірі бойынша филиалы, Өскемен қаласы, Буров көшесі 12/1, тел.: +7 (7232) 70-50-85, 7 (778) 464-55-39. 3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2024 жылғы «30» мамырда сағат 18.30-ға дейін east@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс. 4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар. Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы: Іс жүргізу. Мәтіндерді мемлекеттік тілге аудару. Мұрағат істерін жүргізу. Білімге қойылатын талаптар: Жоғары кәсіби (филологиялық немесе заң) білімі. Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. болуына қойылатын талаптар: жоқ Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар. Мамандық бойынша кемінде 2 жыл тәжірибесі бар; Басшы позицияларында: талап етілмейді. Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер: -Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; - Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері; - Қазақстан Республикасының қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңнамасының негіздері; - "Құқықтық актілер туралы" ҚРЗ; - "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" ҚРЗ; - "Мемлекеттік мүлік туралы"ҚРЗ; - "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"ҚРЗ; - "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚРЗ; - "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары; - осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім. Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: 1) мемлекеттік тілді жетік меңгеру, аудармалардың түпнұсқалардың лексикалық, стилистикалық және семантикалық мазмұнына дәл сәйкестігінде мәтіндерді мемлекеттік тілге аудару дағдылары; Мұрағат ісі; іскерлік қатынастардың психологиясы және этика негіздері; 2) ЖК-нің сенімді пайдалану, оның ішінде деректер базасын құру және ақпарат беру жөніндегі бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын еркін меңгеруге, Интернет желісінде жұмыс істей білу; 3) адамдармен жұмыс істей білу, әңгімелесушіге мәселенің мәнін жеткізе білу; 4) жанжалды жағдайларды шешу дағдылары, даулы мәселелерде тиісті шешім қабылдай білу; 5) адамдарға объективті болу; 6) жауапкершілік; 7) бөлімнің неғұрлым тәжірибелі қызметкерлерінен білім мен жұмыс тәжірибесін алуға, оқуға, кәсіби тұрғыда өсуге ұмтылу; 8) проблемаларды шешудің жаңа, стандартты емес жолдарын ұсыну; 9) командада жұмыс істеу. Функционалдық міндеттері: 1) берілген құқықтарға сәйкес "Е-otinish" (бұдан әрі - Е-otinish) азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында жұмыс істеуге және тапсырмаларды уақтылы орындауға: -электрондық пошта, почта жөнелтімдері арқылы келіп түскен, сондай-ақ ЕИСКВЭ және Е-otinish-те қолма-қол алынған барлық қосымшаларды сканерлеп және көрсете отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және тіркеу; - жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалу мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру; -Е-otinish-те тіркелген өтініштер бойынша филиал бойынша тоқсандық, жартыжылдық, жылдық статистикалық ақпаратты орталық аппаратқа уақтылы тапсыруға, оның ішінде ай сайынғы есепті әрбір айдың 9-күніне дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық департаментіне өтініштер бойынша салыстыру актісін тапсыруға. 2)нормативтік-техникалық құжаттаманы, ұйымдармен хат алмасу материалдарын, конференциялар, кеңестер, семинарлар материалдарын, филиал құжаттамасын мемлекеттік тілде (сараптама жүргізуге арналған шарттар, шартқа қосымша құжаттар, есептер, қосымша келісімдер, бұйрықтар, өкімдер және т. б.) аударуға; 3) сараптамалық қорытындыны (титулдық парақтар, алғысөздер мен қорытындылар) аудару жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуге міндетті; 4) аудармалардың түпнұсқалардың лексикалық, стилистикалық және семантикалық мазмұнына дәл сәйкестігін, ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, белгіленген мерзімдерде ауызша және жазбаша, толық және қысқартылған аудармаларды орындауға міндетті; 5) мемлекеттік тілді оқитын қызметкерлерге әдіснамалық көмек көрсетуге міндетті; 6) қабылдау бөлмесінің іс қағаздарын жүргізуге, филиалдың хат-хабарларын қабылдауды, тіркеуді және жөнелтуді жүзеге асыруға; 7) филиалдың іс қағаздарын мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшіру үшін жұмысты орындауға міндетті; 8) қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыруға; 9) филиал бөлімшелерінің іс жүргізуінде істерді қалыптастыруға және ресімдеуге; 10) мемлекеттік мұрағатпен келісе отырып, филиал істерінің номенклатурасын әзірлеуге; 11) филиал мұрағатын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі жұмысты жүргізу; 12) сақтау бірліктерін жүйелейді, есепке алуды жүргізеді, шифрлайды және істерді филиал мұрағатына орналастырады; 13) филиал мұрағатына берілген құжаттарды іріктеуді, ретке келтіруді, жинақтауды, пайдалануды, сақтауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 14) істер мен құжаттарды дайындау және мемлекеттік мұрағатқа уақтылы беру; 15) Мұрағат үй-жайында өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтауға міндетті; 16) Ақпараттық қауіпсіздік туралы Ереженің талаптарын сақтайды; 17) Филиалдың сапа менеджменті жүйелерінің процестерін жұмыс жағдайында ұстауға; 18) ұсынылған құқықтарға сәйкес филиалдың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге; 19) Филиал мен Кәсіпорынның ішкі құжаттарында көзделген өзге де міндеттер. 5) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: - «Мемсараптама» РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалы директорының атына еркін нысандағы өтініш - қоса берілген нысан бойынша қызметтік тізім; - жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат); - білімі туралы құжаттың көшірмесі; - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; - түйіндеме. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Байқау келесі кезеңдерден тұрады: 1) 2024 жылғы "31" мамыр – кандидаттардың өтінімдерін қарау; 2) 2024 жылғы "03" маусым – кандидаттармен әңгімелесу; 3) 2024 жылғы "04" маусым-конкурс қорытындысы. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА ВАКАНТНУЮ ДОЛЖНОСТЬ _____________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО (түрлі түсті/ цветное, 3х4) _____________________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні және жері/ Дата и место рождения 2. Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию) 3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения 4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 5. Шет тілдерін білуі/ Владение иностранными языками 6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) 7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) 8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/ приема босатылған/ увольнения _____________________ ҮМІТКЕРДІҢ қолы/Подпись кандидата _______________