2015 жылдың 30 наурызы мен 17 сәуірі аралығында Атырау қаласындағы «Мемсараптама» РМК-нің Атырау облысы бойынша филиалында BIM құрылыстың ақпараттық бейнелеу технологиясын үлгілеуді жүзеге асырушы Autodesk Revit және Autodesk Navisworks заманауи өнімінің бағдарламасын таныстырып үйрету курсына «Мемсараптама» РМК-нің Маңғыстау облысы бойынша филиалының сарапшылары қатысты.
Бағдарлама мақсаты- заманауи технологияларды үйреніп, сондай-ақ жобалардың сапасын көтеру мүмкіндіктерін пайдалану.
BIM технологиясының мүмкіндіктері:
1. Ғимарат немесе имараттардың цифрлы көшірмесін алу;
2. Жобаға өзгерістерді шапшаң енгізу;
3. Көлем тізімдемесін және сипатын автоматты түрде беру;
4. Сызба дайындау мерзімін қысқарту;
5. Біріңғай бейнелеуде біріңғай жұмыс істеуді ұйымдастыру;
6. Қиылысуларға бақылау жүргізу;
Оқыту барысында сарапшылармен құрылыс нысандарына негізделген түрлі күрделі деңгейлерден өтуге өзіндік жұмыстар орындалды. Курс соңында тыңдаушыларға Autodesk халықаралық үлгідегі сертификаттар тапсырылды.