Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Көктем және еңбек мерекесі!

2014-04-30
Көктем және еңбек мерекесі!
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында іс жүргізуді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру Жоспарын орындау үшін және Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге байланысты, филиал «Бірлікті нығайта отырып – күшке ие боламыз» тақырыбына мемлекеттік тілде өлеңдер оқу кешін өткізді. Қазақстан жерінде тұрып жатқан ұлттар мемлекеттің қалыптасуына және гүлденуіне өз үлестерін қосуда. Қазақстан секілді бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатқан көпұлтты халқымен мақтан тұтатын мемлекет көп емес. Сондай-ақ, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында мемлекеттік тілде (қазақ тілі) ауызекі сөйлеп, жазба түрін жақсы меңгерген түрлі ұлт өкілдері де қызмет етуде. Іс шараға барлық филиал қызметкерлері қатысып, жетекші маман (аудармашы) ұлтаралық қатынастарды насихаттау мақсатында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының бір мәселесі – Қазақстан халықтары Ассамлеясының рөлін нығайту жөнінде сөз етті. Бұл кеш өлең туындыларымен жалғасып, бейне ролик көрсетіліп, құттықтау сөздерімен аяқталды. Осылайша, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы достық, ауызбірлік және түсіністік, бейбіт күннің мерекесі– Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеп өтті.