2018 жылдың 5 маусымында «Мемсараптама» РМК-нің конференц-залында Экологтар күнін және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.
Жиналыс «Мемсараптама» РМК-нің бас директоры Т.Ж. Қарағойшиннің алғысөзімен ашылды, ол жобаларды экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптау басқармасының жұмыскерлерін алдағы экологтар кәсіби мерекесімен құттықтады.
Жобаларды экологиялық сараптауды оңтайландыруға қатысқаны, экологиялық заңнама жаңалықтарына ашықтығы және дайындығы, тәжірибе жүзінде түсіндіру кезінде оны жан-жақты қолдауы, нәтижесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясат, экология саласындағы көп жылғы адал еңбегі үшін «Мемсараптама» РМК-нің жобаларды экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптау басқармасының жұмыскерлер қатары «Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл» мерейтойлық медалімен наградталды.