1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні Қызылорда қаласында №1 балалар үйі-интернатының тәрбиеленушілеріне арналған отбасылық үлгідегі «Атамекен» балалар ауылы» коттедж қалашығы ашылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа қоныстанушыларды жаңа үлгіде жабдықталған заманауи тұрғын үйге көшулерімен құттықтады.
«Мемсараптама» РМК-нің Қызылорда облысы бойынша филиалының кәсіподақ ұйымы балаларды мерекелерімен құттықтап, тәрбиеленушілерге сыйлықтар – футбол формалары мен спорттық құрал-саймандарын сыйлады.