«Мемсараптама» РМК қарттар күнінде өздерінің бұрынғы қызметкерлері, қазіргі күні зейнет жасындағы зейнеркерлеріне материалдық көмек көрсетті. Біздің еңбек ардагерлері лайықты зейнетақы алып отырса да осындай қолдауға мұқтаж.
Мейрам қарсаңында әлеуметтік төлемдерді Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау жүйесінде еңбек еткен барлық зейнеткерлер алды.
1-қазан қарсаңында кәсіпорында осындай төлемдерді жүргізу дәстүрге айналып келеді. Бұдан басқа, «Мемсараптама» РМК-ның бұрынғы қазметкерлеріне кәсіби мейрам Құрылысшылар күнінде де үнемі көмек көрсетіліп отырады.
Кәсіпорын басшылығы келешекте «Мемсараптама» РМК-ның республикалық жүйесінде барлық ардагерлерді қолдау мақсаты бар іс-шараларды жоспарлап отыр.